RU

Нұр-Сұлтанда балақай мысықты алтыншы қабаттан лақтырып, өлтірді

Нұр-Сұлтанда баланың үй жануарын қорлап жатқаны видеоға түсіп қалды. Балақай мысықты көпқабатты үйдің соңғы қабатынан лақтырып жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда балақай мысықты алтыншы қабаттан лақтырып, өлтірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға болған сәт Instagram-дағы Аstanovka98 парақшасында жарияланды. Кадрдан баланың мысықты қолына алып, оны қоршауға қалай әкеле жатқанын көруге болады. Бір сәт ойланып, бала жануарды лақтырып жіберді.

Басылымның хабарлауынша, бұл елордадағы үйлердің бірінде болған.

"Ата-анасы бала кезінен бастап жануарларға деген сүйіспеншілікті үйрете алмаған", "Мұндай тәрбие бергені үшін ата-аналарды жазалау керек", "Мүмкін, бұл бала үйде қатыгездік көретін шығар!?", "Бүгін мысықты лақтырып жіберді, ал ертең не болады?", - деп ашынды желідегілер.

NUR.KZ редакциясы түсініктеме алу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүгінді. Елордалық полиция департаменті баланың алты жаста екенін хабарлады.

Белгілі болғандай, бала көшеден мысық тауып алып, үйіне апарған. Алайда анасы рұқсат етпей, үй жануарынан құтылуын талап етіпті. Осыдан кейін бала кіреберіске шығып, мысықты алтыншы қабаттан лақтырып жіберді.

Мысық алған жарақаттардан көз жұмды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Олар жауапқа тартылады" , - делінді полицияда.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда өз итін терезеден лақтырып өлтірген әйел көршілерін шошытқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868111-nr-sltanda-balakaj-mysykty-altynsy-kabattan-laktyryp-ltirdi/