RU

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген караоке-бар жабылды (видео)

Инспекторлар карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істейтін оңтүстік астананың караоке-барына "шабуыл" жасады. Ойын-сауық мекемесіне басып кірген олар ондаған адамды тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Караоке-бар "Қазақстан" қонақ үй кешенінің 25-қабатында қонақтарды қабылдаған. Арнайы мобильді топтың келуі күтпеген жерден болған: инспекторлар түн ортасында көңіл көтеру мекемесіне кірді.

Карантин кезінде ән айтқысы келгендерді күзетшілер лифт арқылы барға көтерген. Тексеру кезінде клубта 35 адам болды. Ведомство, олар жеке қауіпсіздік шараларын ұмыт қалдырды деп отыр.

Полиция тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылғанын мәлім етті. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін оларға 30 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868114-almatyda-karantin-kezinde-zmys-istegen-karaoke-bar-zabyldy-video/