RU

Бейруттағы жарылыс: Қазақстан консулы жарақат алды (фото)

Бейрут қаласындағы жарылыс салдарынан Ливандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы еліміздің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: t.me/negemedia
Фото: t.me/negemedia: Twitter
"Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Фото: t.me/negemedia
Фото: t.me/negemedi: Facebook

Еске сала кетсек, кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан онға жуық адам қайтыс болған.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868133-bejruttagy-zarylys-kazakstan-konsuly-zarakat-aldy/