RU

Бейруттегі жарылыстан қайтыс болғандардың саны 70-тен асты (фото, видео)

Ливан астанасы Бейрут қаласында орын балған жарылыс салдарынан қаза тапқандар сағат сайын артуда. Елдің денсаулық сақтау министрлігі ұсынған соңғы мәліметке сәйкес апаттан көз жұмғандардың саны 73-ке жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images
Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC
Ливанның денсаулық сақтаулық министрі Хамад Хасан, жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны 3700-ден асқанын, қаза тапқандардың 73-ке жеткенін мәлім етті.

Сонымен қатар, жергілікті билік 5 тамызды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еске сала кетсек, кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адамдар жарақат алып, қаза тапты.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Осының салдарынан Ливандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растап отыр.

"Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images
Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images
Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868134-bejruttegi-zarylystan-kajtys-bolgandardy-sany-70-ten-asty-foto-video/