RU

Қазақстандық жеті ғалымға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық жеті ғалымға коронавирусқа қарсы вакцина егілді
Көрнекі фото: Хабар 24: UGC

Вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. 26 шілдеде Бас директор Күнсұлу Закарья бастаған бес ғалымға COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды.

Егілген қызметкерлерді бақылап, вакцинаның қауіпсіз екендігі туралы ақпарат алынғаннан кейін келесі күні тағы екі қызметкерге екпе егілген. Бұл жоспарланған клиникалық зерттеулердің бірінші, екінші кезеңдерін толығымен іске асыруға мүмкіндік берді. Вакцина жасалған қызметкерлердің дені сау. Олар қазір клиникалық бақылауда.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны бірінші болып салдырған азамат қазіргі жағдайымен бөлісті. Ер адам екпенің жанама әсерлері бар екенін жасырмай айтты. Қайсар Табыновтың сөзінше, алғашқы күндері оның дене қызуы көтеріліп, әлсіздік болған.

Алайда, қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатқан азаматтың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Ол күнделікті жұмысына барып, қалыпты өмір сүру салтын ұстанып жүр. Табынов бірнеше күннен кейін қан құрамында антиденелердің бар-жоғын анықтайтын үрдістен өту керек. Ол вакцина салдырғаннан бері денсаулық күнделігін жүргізіп келеді. Онда ер адам ағзасында байқаған әрбір өзгерісін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868140-kazakstandyk-zeti-galymga-koronaviruska-karsy-vakcina-egildi/