RU

Бейрут апат аймағы деп жарияланды

Ливан астанасында болған жарылысқа байланысты елдің жоғарғы қорғаныс кеңесінің отысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Бейрут апат аймағы болып жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейрут апат аймағы деп жарияланды
Фото: Getty Images/Daniel Carde / Stringer: Depositphotos

Кеңес үкімет басшысына ел астанасында төтенше жағдай жариялауды ұсынды деп жазды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. Премьер-министр Хасан Диаб Бейрутте 14 күнге төтенше жағдай енгізуге шешім қабылдады. Бұл туралы ол жоғарғы кеңес отырысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, бұған дейін Ливан премьер-министрі Бейруттегі жарылысқа не себеп болғанын айтып берген еді. Оның сөзіне қарағанда, 70-тен астам адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Сонымен қатар, Ливан премьері оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды. Олар 48 сағаттың ішінде апат себебін анықтап, кінәлілерді жариялау керек.

Еске сала кетсек, кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адамдар жарақат алып, қаза тапты.

Сондай-ақ Ливандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868143-bejrut-apat-ajmagy-dep-zarialandy/