Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлдебір бомба": Трамп Бейруттегі жарылысты шабуыл деп атады

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп Бейрутте болған жарылысты шабуыл деп атады. Ол неліктен мұндай пікірде екенін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com / ajenglish
Фото: twitter.com / ajenglish: Twitter

Трамп баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, Ливан астанасында болған қайғылы оқиғаға қатысты кейбір генералдармен кеңескенін атап өтті деп жазды РИА Новости.

Осылайша, АҚШ президенті және онымен кеңескен әскерилер Бейрутке шабуыл жасалған деген пікірді ұстанып отыр. Трамп өз көзқарасын дәлелдей отырып, жарылыстың сипатына назар аударды.

Ол Ливан астанасындағы портта өндірістік жарылыс болды деп есептемейді.

"Олар шабуыл болды, әлдебір бомба жарылды деген ойда", – деп келтірді басылым Трамптың сөзін.

Сондай-ақ, ол АҚШ-тың Ливанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар туралы соңғы деректерді келтіріп өтті. Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан көз жұмғандар саны 78 адамға жеткен. 4 мыңнан астам адам жарақат алған.

Министрлік құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін деген пікірде. Себебі, қазіргі уақытта із-түссіз жоғалғандар қатарында қалып отырғандар көп. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдардың денесін шығаруда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ливан премьер-министрі Хасан Диаб Бейрутте 14 күнге төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1868151-ldebir-bomba-tramp-bejruttegi-zarylysty-sabuyl-dep-atady/

pixel