Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Індет өзі кетеді": Әруақтармен сөйлесетін ақтөбелік емші көбірек құрбан шалуға шақырды

Опубликовано:

Ақтөбедегі Бекқұл баба кесенесіне зиярат етушілер көп. Облыс орталығынан 20 шақырымдай жердегі зират басында түнек те бар. Көпшілік емші атап кеткен кесене шырақшысы өзін жұма сайын әруақтармен тілдесіп, ем жүргізетініне сендіреді. Ол келушілерді құрбандыққа шалған малының қаны, терісімен емдейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

"2000 жылдан бері әйелім екеуміз атаның басында шырақшымыз. Жұма күні түнде оның әруақтарымен сөйлесеміз. Ата бізге бәрін түсіндіреді. Алла арқылы Бекқұл ата жол батасын береді. Әртүрлі жүйке ауруына шалдыққандарды емдейміз, жол ашамыз, үйі жоқтар үйлі, көлігі жоқтар көлікті болады. Аян бергенде емге келген адамдардың үйіндегі балалары туралы айтады. Ата үлкен әулие адам болған. Орынбар, Омбы, Саратов қалаларынан өзге ұлт өкілдері көп келеді. Жолы ашылмай жүргендер, үй-күйі жоқтар, ажырасып жүргендер жиі көмек сұрайды" , - дейді Бекқұл баба кесенесінің шырақшысы Алтынбек Тоқмурзин.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Кесене басына келудің де өз жөн-жоралғысы бар. Ең алдымен әруақтарға сеніп келуді міндеттейді. Кейін бейіт жанындағы адамның омырауы секілді қос төмпешіктің төбесінен құбылаға қарай үш рет аунатады. Көпшілік арасында бұл жер "Қыз әулие" немесе "Қос қоңыр ана" деп аталып кеткен.

"Келген адамда дәрет пен ниет болу керек. Ата оны Алла арқылы біліп жатады. Қандай жағдайда келгеніңе дейін сезеді. Құрбандық шалады. Біз құрбандықты Аллаға шаламыз. Құран оқимыз. Атаның басына түнеу керек, сол кезде жол батасы беріледі. Ем әр адамға әртүрлі жүреді. Малдың терісімен, құранмен емдейміз. Бала көтергендер көп. Туыстарымның арасында да көп. Жиырмаға жуық отбасы бала көтерді десем артық емес. Адам екі оймен келсе ем қонбайды" , - дейді шырақты.

Аңыздарда атақты Есет Көкұлы Бекқұл әулиенің жалғыз қызынан туғаны айтылады. Әулие 13 жастағы жиеніне бата беріп, ел қорғауды аманаттаған. Ауыл ақсақалдарының өсиетінше, Есет әулиені зиярат етпес бұрын Бекқұл бабаның басына түнеу керек.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Шырақшы әулие атасының елде тараған қиын жағдай туралы да аян бергенін айтады.

"Атаның айтуы бойынша, болып жатқан ауру Алланың сынағы. Індет өзі кетеді. Халық басын көтергенде құбылаға бет бұрып, Аллаға сыйынатын болады. Көмекті Алладан сұрау керек.​ Адамдар мұны саналы түрде түсінеді. Алланың жолына құрбандық шалатындар көбейеді" ,- дейді Алтынбек Тоқмурзин.

Ал облыстың бас имамы зиярат жағалап, марқұмдардан көмек сұраудың шариғат заңына қайшы келетінін ескертіп, құлшылықты тек Аллаға арнау керектігін айтады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

"Мұсылман адамның құлшылығы да тілегі де бір Аллаға арналады. Сондықтан, мұндай қиын жағдайда дертке шалдыққан адам әуелі Алладан медет тілеп, дәрігерлер айтқан ем-домды жасағаны жөн. Пайғамбарымыз науқастарыңды садақа беріп емдеңдер деген. Демек, әркім өз шамасына қарай өзге бір мұқтаж жанға садақа берсе, дертіне шипа табуына сеп болады.

Қабір басына барған адам зиярат жасау әдептерін сақтау керек. Барған адам өткендерден ғибрат алуы, мәйіттер үшін Құран бағыштап, дұға жасауы керек. Қабірді айналып тәу ету, тасы мен қабір төмпешігін сүю – шариғатқа қайшы. Сондай-ақ, марқұмдардан еш нәрсе сұралмайды. Яғни зиярат етуші зияратты шариғат үкімдерінен шықпай орындауы тиіс" , - дейді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868161-indet-zi-ketedi-ruaktarmen-sjlesetin-aktbelik-emsi-kbirek-krban-saluga-sakyrdy/

pixel