RU

Бейруттегі қайғылы оқиғадан кейін мұнай бағасы өсті

Ливан астанасында жарылыс болғаны туралы жаңалық шыққаннан кейін "қара алтынның" бағасы өсе бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Сарапшылар Бейруттегі қайғылы оқиға туралы хабардан кейін және Израильдің ол жарылысқа қатысы жоғы туралы мәлімдемеден соң мұнай бағасының өсімін байқаған деп жазды РИА Новости.

Мамандар қыркүйек айына арналған фьючерстерден Brent және WTI маркалы мұнай бағаларының өсімін байқаған. Осылайша, солтүстік теңіз мұнайының бағасы – 0,68, ал Техас мұнайының бағасы 1,68 пайызға артқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Ливан астанасында контрабандашылардан тәркіленген жүк жарылған болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Бейруттегі жарылыс дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алған деп жазды ТАСС жергілікті телеарнаға сілтеме жасап. Дереккөздің мәліметінше, жұмысшылар қоймадағы тесіктерді жамап жатқан. Болжам бойынша, қаскөйлер селитра ұрлау үшін қойманы тескен болуы мүмкін. Ол жерде аталған химиялық заттың 2700 тоннадан астам мөлшері сақталған екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін елдің премьер-министрі жарылысқа не себеп болғанын айтып берген еді.

Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 70-тен астам адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868175-bejruttegi-kajgyly-okigadan-kejin-mnaj-bagasy-sti/