RU

Бейруттағы жарылыс қаланың жартысын қиратып тастады (фото)

Бейруттағы портта болған жарылыс Ливан астанасының жартысын қиратып тастады. Төтенше жағдай салдарынан оншақты адам қаза тауып, жедел жәрдемдер зардап шеккен жүздеген тұрғындарды ауруханаларға жеткізуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images / Stringer
Фото: Getty Images / Stringer: Depositphotos

Бейрут қаласында қазіргі уақытта не болып жатқанын ТАСС агенттігінің тілшілері айтып берді. Ливанның денсаулық сақтау министрі Хамад Хасан оқиғадан өте көп адам зардап шеккенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, бүгінде ауруханаларда бос орын жоқ. Хирургиялық көмекті қажет етпейтін азаматтарды елорда орталығындағы қонақ үйлерге орналастыруға шешім қабылданды.

Қазіргі таңда, үкімет зардап шеккен және үйінді астында қалып қойған ливандықтарды құтқару үшін бар күшін салуда.

Фото: Getty Images / Stringer
Фото: Getty Images / Stringer: Depositphotos

Басылымның жазуынша, өрт сөндірушілер әзірге порт аумағындағы жалынды өшіре алмай жатыр. Түтін әлі де аспанға көтерілуде.

Жол қызметтері ғимарат қалдықтары құлаған аймақтағы үйінділерді тексеруге кірісті.

Фото: Getty Images/ Daniel Carde / Stringer
Фото: Getty Images/ Daniel Carde / Stringer: Depositphotos

Бейруттағы бір дүкеннің иесі орын алған оқиғаны есіне алып, сол сәтте ақырзаман басталды деп ойлағанын айтты. Ол жарылыс әлі құлағынан кетпегенін жеткізді. Ер адам өз кәсібіне келтірілген зардапты мүлдем ойлап та жатқан жоқ. Ол үшін жақындарының амандығы басты мәртебе.

Фото: Getty Images/ picture alliance / Contributor
Фото: Getty Images/ picture alliance / Contributor: Getty Images

Оған қоса, басылымның ақпаратынша, жарылыс толқыны қала бойынша көптеген нысандарды қирата өткен. Төтенше жағдай салдарынан өте көп адам зардап шекті.

Жергілікті тұрғындар алдымен жер сілкінісі болды деп ойлап қалған.

Иорданиялық сейсмологтар тіпті жер қабатының сілкінгенін анықтаған.

Анықталғандай, орын алған оқиғадан Бейрутта автокөліктер қатты зақымданған.

Айта кетейік, кеше Ливан астанасы Бейрутта портта жарылыс орын алды. Төтенше жағдай барша қала тұрғындарының зәресін ұшырды. Олар ақырзаман басталды деп ойлап қалған. Жергілікті халық бұл күн ең қорқынышты түс ретінде есте сақталатынын жеткізді.

Бейрут губернаторы да бұл оқиғаны аса ауыр қабылдаған. Ол жарылыс жайлы сұхбат беру барысында, көз жасын тыя алмай жылап жіберді.

Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor
Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868210-bejruttegi-zarylys-kalany-zartysyn-kiratyp-tastady-foto/