RU

Маңғыстауда жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды: Белгілі кәсіпкерге айыппұл салынды

Маңғыстау облысында карантин талаптарын сақтамай, жерлеу рәсімін жүздеген адамға өткізгені үшін өңірдің белгісі кәсіпкері Аманжол Нұғмановқа айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

Бибіжамал Аблазимованы ақтық сапарға шығарып салу 3 тамызда өтті. Марқұммен қоштасу рәсіміне жүздеген адамдардың жианлғаны көпшіліктің наразылығын тудырған болатын.

Халықтың қарасы көп болғаны соншалықты, олар 12-шағын аудандағы көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Бұл жағдай көптеген қазақстандықтарды ашуландырды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Бибіжамал Аблазимованы жерлеу оның ұлы Аманжол Нұғмановтың үйінде өткендігі айтылды.

Ол өңірдегі белгілі кәсіпкер және әртүрлі әкімшілік қызметтерді ұсынумен айналысады.

Маңғыстау облысының полиция департаменті Аманжол Нұғмановқа санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынғанын мәлім етті. Егер кәсіпкер айыппұлды 14 күннің ішінде өтесе, оған 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы жаназаның видеосы тарап кетіп, көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Олар карантин уақытында шектеу талаптарын сақтанбағандарға шүйлікті. Нәтижесінде марқұмның туыстарына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868211-magystauda-zerleu-rsimine-zzdegen-adam-zinaldy-belgili-ksipkerge-ajyppl-salyndy/