RU

Бейруттегі жарылыс: Қаза тапқандардың саны 100-ден асты

Ливан астанасы Бейрутте болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны жүз адамнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Getty Images / Stringer
Фото: Getty Images / Stringer: Depositphotos

"Қазіргі уақытта 4000-нан астам адам жарақат алып, 100-ден астамы қайтыс болды. Біздің топтар әлі де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады Франс-Пресс агенттігіне сілтеме жасаған Ливанның Қызыл Кресті.

Фото: Getty Images / Stringer
Фото: Getty Images / Stringer: Depositphotos

Кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адам қаза тапты. Елдің премьер-министрі жарылысқа не себеп болғанын айтып берген еді.

Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100- ден астам адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болған. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылған.

Соның салдарынан Ливандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868223-bejruttegi-zarylys-kaza-tapkandardy-sany-100-den-asty/