RU

Бейруттағы жарылыс кезінде діни қызметкер төбе құлағанша, дұға етуді тоқтатпаған (видео)

Бейруттағы жарылыс кезінде түсірілген видео әлеуметтік желілерде кең таралуда. Кадрдан жергілікті шіркеулердің бірінде діни қызметкердің жойқын жарылысқа қарамастан, дұға етуін тоқтатпағанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейруттағы жарылыс кезінде діни қызметкер төбе құлағанша дұға етуді тоқтатпаған (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнежазбада Бейруттағы Ливан христиан шіркеулерінің бірінде дұға оқылып жатқаны бейнеленген.

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, дәл сол кезде қалада жойқын жарылыс болған.

Салдарынан шіркеудегі барлық заттар мен жиһаздар қозғалып, шамдар сөнген, алайда діни қызметкер дұғасын тоқтатпаған.

Ол тек шіркеудің төбесі құлай бастаған сәтте ғана қашуға тырысқан.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта жойқын жарылыс болып, қала тұрғындарының зәресін ұшырды. Олар ақырзаман басталды деп ойлап қалған. Алайда кейін Бейрут портында жарылыс болғаны анықталды.

Елдің премьер-министрі Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100-ден астам адамның өмірін жалмаған порттағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ливан астанасында болған жарылысты шабуыл деп атады.

Ол тіпті, неліктен мұндай пікірде екенін түсіндіріп те берген болатын.

Сондай-ақ, Трамп АҚШ-тың Ливанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868247-bejruttagy-zarylys-kezinde-dini-kyzmetker-tbe-klagansa-dga-etudi-toktatpagan-video/