RU

Қазақстан Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ

Қазақстан 10 тамыздан бастап Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бармақовтың сөзінше, сонымен қатар Түркия және Оңтүстік Кореямен халықаралық авиарейстерді қайта бастау мәселесі пысықталған.

"Ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес министрлік Түркиямен және Оңтүстік Кореямен Халықаралық авиарейстерді қайта бастау мәселесін пысықтады.
Осы жылдың 10 тамызынан бастап Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандыру жоспарлануда. Ұшулар көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады", - деді Сайранбек Бармақов.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия Қазақстан азаматтарына елге кіруге уақытша тыйым салған еді. Бұған Қазақстандағы карантиннің күшейтілуі себеп болған.

Сонымен қатар Таиландқа барған туристерді тәртіп сақшыларының арнайы тобы бақылайтынын, себебі ел саяхатшылар үшін әуе кеңістігін ашуға дайындалып жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ, Air Astana әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы шамамен қашан жанданатынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868292-kazakstan-tailand-pen-gruziaga-aviarejsterdi-kajta-zandandyrmak/