Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдер мен оқушылардың арнайы тарифке қанша төлейтіні белгілі болды

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Білім" тарифы іске қосылады. Тарифтің абоненттік төлем құны айына – 990 теңге деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Еуразия бірінші арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, ел тұрғындары оны тамыз айының екінші жартысынан бастап қолдана алады.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізетінін мәлім етті.

"Мұғалім" немесе "оқушының" қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталуда. Оқытушылар мен оқушылардың шәкірттердің тізімі берілуі мүмкін", - дейді Гүлнәр Бөкеева.

Сонымен қатар, тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі кезде министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

Еске сала кетсек, кеше үкіметтің онлайн отырысында Асхат Аймағамбетов бірінші қыркүйек шарасы қалай өтетінін де түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар министр қай саладағы студенттер қашықтықтан оқымайтынын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868446-mgalimder-men-okusylardy-arnajy-tarifke-kansa-tlejtini-belgili-boldy/

pixel