Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір топ ерікті Covid-19-бен күресіп жүрген дәрігерлерге сэндвич апарып берді

Опубликовано:

парень в маске
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазақстан волонтерлар Лигасының" Алматы қалалық филиалы дәрігерлерді қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын өткізіп, медицина қызметкерлеріне сэндвич пен сусын апарып берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қор Алматы қаласының филиалы демеушілермен бірлесіп, өз өмірлерін қатерге тігіп, коронавирус инфекциясымен күресіп, адамдардың өмірін құтқарып жатқан дәрігерлер үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Волонтерлар "Sweet Premium" және "Gorilla Energy Kazakhstan" қолдауымен №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 200 дана "Панини" сэндвичін және 200 дана "Gorilla" сусынын, № 1 қалалық патологоанатомиялық бюроға 100 дана "Панини" сэндвичін және 100 дана "Gorilla"энергетикалық сусынын жеткізген.

"Осы жақсы іспен біздің волонтерларымыз қазіргі уақытта күрделі мамандықта жұмыс істейтін, өз жұмысына толық беріле отырып, денсаулығымыздың қорғауында тұрған адамдарға үлкен алғыс білдіреді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868475-almatyda-bir-top-erikti-covid-19-ben-kresip-zrgen-drigerlerge-sendvic-aparyp-berdi/

pixel