RU

7 тамыздағы мәлімет: Елімізде тағы 980 адамнан COVID-19 анықталды

коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы 980 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 980 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның 502-і клиникалық белгілері жоқ тасушы", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75

Алматы қаласы - 175 / 111

Шымкент қаласы - 26 / 15

Ақмола облысы - 31 / 19

Ақтөбе облысы - 2 / 0

Алматы облысы - 46 / 36

Атырау облысы - 44 / 41

Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29

Жамбыл облысы - 40 / 20

Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22

Қарағанды облысы - 85 / 35

Қостанай облысы - 35 / 8

Қызылорда облысы - 33 / 18

Маңғыстау облысы - 33 / 28

Павлодар облысы - 22 / 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22

Түркістан облысы - 27 / 17

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры коронавирус инфекциясының белгілері жоқ тасушылардың қандай қауіп тудыратынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Раушан Тьесова-Бердалина коронавирустың ауыр түрін қалай анықтауға болатынын мәлім еткен болатын.

Оның сөзінше, дене қызуы 38 градустан түспей қойса, жөтел, ентігу пайда болып, тәбет жоғалса, бірден дәрігерге қаралу керек.

Маман денсаулықты нығайту үшін көбірек қозғалып, таза ауада жүру керек екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868490-7-tamyzdagy-mlimet-elimizde-tagy-980-adamnan-covid-19-anyktaldy/