RU

Қостанай облысының тұрғындары індеттің беті қайтқанын тілеп, тасаттық жасады

тасаттық
Фото: Түркістан газеті

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғындары індеттің беті қайтса деген ниетпен тасаттық жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жергілікті тұрғындар тасаттық үшін сиырды құрбандыққа шалған.

"Дүниежүзіне аз уақытта жайы­лып кеткен вирус бүкіл адамзатқа қауіп төндірді. Елімізде осы індет­тің құрбаны көбейді. Аллаға жал­барындық, сиыр сойып, тасаттық жа­садық. Алла тілегімізді берсін, ел іргесі мықты болсын, ел-жұрт аман болсын деп тіледік", - дейді ақсақал Нұ­рид­дин Бүкірбаев.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отан­дастар қоры" облыстық филиалының белсендісі Қыдыр Өтебаев тасаттық жасауға қаржыны жұрт жинап бергенін айтады.

"Қалалық мешіт имамымен ақылдаса оты­рып, ел-жұрттан түскен 400 мың тең­геден аса қаржыға алдымен бір сиыр сатып алдық. Оны бата жасап, Алладан жалбары­нып, тілек тілеп, сойып, ауырып тұрған, сорпа қажет ететін адамдарға, тұрмысы төмен, көпбалалы және науқас, мүгедек ба­ғып отырған 45 отбасыға тараттық. Қал­ған 4 отбасыға 10 мың теңгеден бердік. Ар­­­тылған 40 мың теңгені жасанды тыныс алдыру аппаратын алуға қаржы жинаған мешіт имамына өткіздік", – дейді ол.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 96 922-ге жеткен. Өткен тәулікте елімізде 980 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Өткен тәулікте 30 адам коронавирустан, 18 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868504-kostanaj-oblysyny-trgyndary-indetti-beti-kajtkanyn-tilep-tasattyk-zasady-foto/