Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елімді сағындым": АҚШ-та оқып жүрген қазақ қызы жерлестерінің еміне деп ақша аударған

Опубликовано:

Толғанай
Фото: Facebook

Қоғам белсендісі Ермек Құрманғалитегі әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тағы қазақ қызының туған жеріне дәрі-дәрмек пен қажетті аппараттар алу үшін қаржы аударғанын жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Белсендінің Facebook парашасында жазуынша, өзіне ШҚО-ның Тарбағатай ауданында туып өскен Толғанай Сейқазина есімді қыз АҚШ-тан хабарласып, туған жеріне көмектескісі келетін айтқан.

"Толғанайдың АҚШ та жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болыпты. Ақжар ауылындағы Қыдырбек Билиялов атындағы гимназияның түлегі бүгінде Нью-Йорк қаласында "IT" маманы ретінде жұмыс істеп, сол жерде қосымша білім алып жүр екен", - дейді Ермек Құрманғалитегі.

Желі қолданушысының сөзінше, АҚШ-та жүрген қазақ қазақ қызы жерлестері үшін алаңдаушылық білдірген. Себебі әлемді жаулаған індет туған жеріне жеткенін, адамдардың жаппай ауырып жатқанын естігенде қатты шошыған.

Дегенмен Толғанай қол қусырып отыра алмаған.

Ол желіде дәрі-дәрмек пен оттегі аппарты үшін ақша жиналып жатқанын естіп, "ауылдағы ағайынның ем-домына бір пайдасы тиер" деген ниетпен Ермек Құрманғалитегінің шотына 112 мың теңге қаржы аударып жіберген.

Өз кезегінде белсенді өзге елде жүрсе де, туған жерін ойлап қам жеген бойжеткенге алығысын жаудырды.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жеткен. Өткен тәулікте елімізде тағы 980 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868518-elimdi-sagyndym-aks-ta-okyp-zrgen-kazak-kyzy-zerlesterini-emine-dep-aksa-audargan/

pixel