Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында карантин кезінде "ұзату той" жасағандар жауапқа тартылды

Опубликовано:

Карантинде той
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде қонақ шақырып, той жасаған тұрғындарды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Келес ауданының полиция бөлімшесіне Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, "қыз ұзату" тойын өткізіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекенжайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде той тоқтатылып, қожайындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша хаттама толтырылған.

Ауданда осыған ұқсас тағы бір жайт Біртілек ауылында тіркелген.

Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан өз үйіне 30-ға жуық адам жинап, "беташар" өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара қарастырылған.

​​​​​​​​Айта кетейік, карантиндік шаралар енгізілгеннен бері Келес ауданының полицейлері рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 93 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде екі жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында екі күн ішінде 12 той тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Екібастұзда бақылау тобы карантин кезінде той өткізбек болғандардың үстінен түскенін жазған болатынбыз.

Әкімдіктің мәліметінше, тойға алпыстан аса адам келеді деп күтілген.

Дегенмен мерекелік іс-шара уақытында тоқтатылып, кафе әкімшілігі мен тойды ұйымдастырмақ болғандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868544-trkistan-oblysynda-karantin-kezinde-zatu-toj-zasagandar-zauapka-tartyldy/

pixel