RU

Министрлік Damumed қосымшасындағы жазбаларға қатысты тергеуді бастады

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Damumed қосымшасының бұрмаланғанын растады. Қазақстандық қосымша арқылы отбасы мүшелері дәрігердің қабылдауына онлайн жазыла алады. Медициналық қабылдаулар қазақстандықтардың жеке кабинеттерінде көрсетілген қызметтер ретінде пайда бола бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне мәлім етті. Адамдар дәрігерлердің жазған тағайындауларында болмаған, ал жеке кабинетте жаңа отбасы жаңа мүшелері пайда бола бастаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов Damumed қосымшасында шынымен де бұрмаланулар болғанын айтты, сонымен қатар азаматтарға жалған қызмет көрсеткені үшін медициналық сақтандыру қорынан медициналық ұйымдарға ақша аударылған.

Қожахметов 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 13 мыңнан астам осындай хабарлама анықталғанын қоса кетті. Медициналық сақтандыру қорындағы жалған қызметтер үшін есептен шығарылған ақша қазақстандықтарға үш есе етіп қайтарылды.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға жүйенің олқылықтары туралы әлеуметтік желілерде немесе 1406 нөміріне қоңырау шалу арқылы белсенді түрде хабарлауға шақырады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұрмалаушылықтардың артында кім тұрғанын, медициналық мекемелердің өзі немесе облыстардың жергілікті билік органдары анықтайды.

"Біз кімге пайдалы, соны іздеуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігі де бұл сұраққа ден қойды, тергеу жүріп жатыр", – деді Қожахметов.

Еске салсақ, отандық танымал тележүргізуші әрі сенат депутаты Дана Нұржігіт денсаулық сақтау жүйесіндегі жалған ем тағайындау оқиғаларына қатысты пікір білдірген еді.

Ол бұл күрделі мәселені тез арада шешіп, оған кінәлілерді жазалауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868550-ministrlik-damumed-kosymsasyndagy-zazbalarga-katysty-tergeudi-bastady/