RU

ҰҚК ел тарихындағы ірі есірткі зертханасын жойды (фото)

Есірткі сатқандар ұсталды2
Фото: ҰҚК

27 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында ірі есірткі зертханасын жойды. Ол жерде синтетикалық есірткі өндіріліген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұсталған.

Зертхананы, ұсталғандардың тұрғын үйі мен автокөлігін тінту барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған жалпы алғанда 55 келіден артық жоғары сапалы "мефедрон" есірткі заты (алынған партияның "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды), сондай-ақ ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы тәркіленген. 

Одан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер алынған.

ҰҚК есірткі сатқандарды ұстады1
Фото: ҰҚК

Қазіргі таңда ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл бап он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған.

ҰҚК ұстаған күдіктілер
Фото: ҰҚК

Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатау ұлттық паркі" аумағында коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан.    

Өндірілген есірткі ірі партияларда интернет желісінің "DarkNet" көлеңкелі сегментінде әрекет ететін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Бұл ретте, есірткі үшін төлемді басым көпшілігінде биткоиндармен алған.  

Ұсталғандардың айтуы бойынша, өндірілген есірткі ірі қалалардың сатып алушылары арасында жоғары сұранысқа ие болған. Себебі тазалығы мен сапасы бойынша оның аналогы Қазақстанда болмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК Жамбыл облысында ер адам есірткімен ұсталғанын хабарлаған еді.

Күдіктінің көлігінен табылған белгісіз өсімдік заты бар түйіншек сараптамадан кейін кептірілген марихуана екені анықталған.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын тәркілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868558-kk-el-tarihyndagy-iri-esirtki-zerthanasyn-zojdy/