RU

Қазақстанда маска құны 60 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін

Маска
Көрнекі фото: pixabay.com

ОКҚ-да өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова медициналық масканың құны бұдан былай неге өзгермейтінін айтты. Осы жылдың ақпан айында бір маска 15 теңге болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Шын мәнінде, маскаларға қатысты мәселе өте қиын. Шынында да, ақпанда масканың құны 15 теңгені құрады, бірақ егер есте болса, сол сәтте індет кезеңіне аяқ басқан барлық елдер, оның ішінде Қазақстан да өз елдерінен жеке қорғаныс құралдарын экспорттауды тоқтатқан еді. Біз отандық жеке қорғаныс құралдары, оның ішінде бетперде өндірушілері барына қарамастан, импортқа тәуелдіміз. Біз өндірушілеріміздің Қытайдан әкелетін шикізатына тәуелдіміз. Ол кезде шикізат мүлдем қолжетімді болмады", – деді Бюрабекова.

Оның айтуынша, сол кезде отандық өндірушілер ең алдымен медициналық қызметкерлерді "Бірыңғай дистрибьютермен ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында" қамтамасыз етуге бағытталған болатын.

"Сол сәтте нарықта шынымен бетперде тапшы болды. Біз өндірістік қуаттылықты арттыру үшін өндірушілермен келіссөздер жүргізуге тырыстық және сол кезде өндірушілердің бірі Сыртқы істер министрлігімен бірге процестерді автоматтандыру үшін қосымша жабдықтарды әкелуге көмектестік.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу конкурсының қорытындысын шығарады, ал біздің елімізде отандық маска өндірушілерінің саны артады", – деп түсіндірді ол.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын мемлекет ешқандай жолмен реттемейтінін еске салды. Бірақ төтенше жағдай туындаған кезде медициналық масканың максималды құнын белгілеу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі маска құнын бір дана үшін 60 теңгеге дейін төмендетуді көздеп отыр.

"Тағы бір ескеретін жайт, мемлекет медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын реттемейді. Нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік комиссия төтенше жағдай болған кезде бағалық лимит белгілеуді қабылдады.

Естеріңізде болса, сол кезде кейбір адамдардың алыпсатарлық әрекеттері де болған. Кейбіреулер маскаларды дәріханаларда көп мөлшерде сатып алып, содан кейін оларды интернет-ресурстарда өте жоғары бағамен сатты - сондықтан осындай шешім қабылданды. Содан кейін баға 118 теңгеге белгіленді.

Базарлар ашылып, шикізат пайда болғаннан кейін де қымбаттады. Фармацевтика саласын қадағалайтын Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі бізге шикізат бағасы 20-25 есе қымбаттады деген мәліметтер берді, сондықтан бетперде құны бұрынғы бағаға, яғни 15 теңгеге оралмайды.

Бірақ біз қазір масканың құнын төмендету үшін өз өндірушілерімізбен келіссөздер жүргізудеміз, мүмкін жақын арада біз оны 60 теңгеге дейін төмендетеміз", – деп түйіндеді Бюрабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868578-kazakstanda-maska-kny-60-tegege-dejin-tmendeui-mmkin/