RU

Алматыда бассейні бар демалыс аймағы карантин кезінде жұмысын жалғастырған

Карантин бұзды
Фото: polisia.kz

Алматыда демалыс аймағы карантинге қарамастан жұмыс істеп келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, бассейні бар кешен әдеттегі кесте бойынша жұмыс істеген, сондай-ақ, санитарлық шаралар сақталмай келген.

Аудан әкімдігі қызметкерлерінің, ӨКБТУ мен полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы бақылау тобы жүргізген тексеру кезінде бұл мекемеде шамамен 30 адам демалып жүрген.

"Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар да бар. Демалушылар ортақ бассейнді пайдаланған. олар әлеуметтік қашықтық пен қарапайым гигиена туралы ұмытып кеткен сияқты. 28 адамға қатысты СЭС өкілдері ҚР КобАП-тің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасады. Сонымен қатар, демалыс аймағының иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері - 230 АЕК", - деп қорытындылады Наурызбай аудандық полиция бөлімінің басшысы Дидар Аханов.

Естеріңізге сала кетейік, инспекторлар карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істейтін оңтүстік астананың караоке-барына "шабуыл" жасаған еді. Ойын-сауық мекемесіне басып кірген олар ондаған адамды тапты.

Айта кетейік, Шымкентте карантинге қарамай жұмыс істеген сауна бұған дейін анықталған еді. Полиция қызметкерлері карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысандарды тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868599-almatyda-bassejni-bar-demalys-ajmagy-karantin-kezinde-zmysyn-zalgastyrgan/