RU

Павлодар облысында демалыс күндері автобус қозғалысы тоқтайды

newtimes.kz
Көрнекі фото: UGC

Павлодар облысында демалыс күндері автобус қозғалысы тоқтайды. Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігері қол қойды. Бұл шектеулер алдағы демалыс күндері, дәлірек айтсақ, 8 және 9 тамызға қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы екі күнде қоғамдық көліктің барлық түрі (автобустар, трамвайлар, тұрақты жүретін таксилер), сонымен қатар серуендейтін өзен көлігі тоқтайды.

Қаулының алдыңғы редакциясында шектеулер тура осындай болған еді, бірақ олар басқа күндерге – 31 шілдеге, сондай-ақ 1 және 2 тамызға түсті.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы 980 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Айта кету керек, 6 тамызда тағы 30 қазақстандық коронавирустан көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған статистикасында айтылған болатын.

5 шілдеден бастап Қазақстан аумағында қатаң карантин шаралары енгізілді. Ал бір ай өткен соң еліміздің кей өңірлерінде біршама шектеулер алына бастағаны туралы жазған едік.

Мысалы, Ақмола облысы аумағында орналасқан кейбір туристік аймақтарда карантин ішінара жеңілдетілді. Нақты айтқанда, Бурабай мен Зеренді шипажайларының жағажайларында біршама шектеулер алынды.

Жаңа ережеге сәйкес, туристік аймаққа келушілердің дене қызуы тексеріледі. Олар санитарлық талаптарды сақтауға міндеттеледі. Әр демалушыға 4 шаршы метр аумақ беріледі. Сондай-ақ жағажайларда күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868639-pavlodar-oblysynda-demalys-knderi-avtobus-kozgalysy-toktajdy/