RU

Жетісайда базарлардың ашылуын талап еткен саудагерлер жолды жапқан

Наразылыққа шықты1
Оқиға орнынан фото: Жетісай ауданының әкімдігі

Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында базарлардың ашылуын талап еткен саудагерлер жолды жапқан. "Бала-шағаны қалай асыраймыз?!" деп шулаған олар карантин режимінде базарлардың жабық тұрғанына наразылығын білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наразылығын білдіргендердің барлығы да Жетісай қаласында орналасқан "QARAQAI" базарында киім-кешек сатумен айналысатын саудагерлер.

Олар ашынғаннан қаладағы М.Әуезов пен С.Қожанов көшелерінің қиылысында автокөліктердің жүргізбей тастаған.

Карантин режиміндегі шектеулермен келіспейтінін айтқан көпшілік базарлардың ашылуын талап еткен.

Оқиға орнына прокурорлар мен полицейлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шұғыл жетіп, саудагерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

"Хабарлама түскен бойда аталмыш жерге Жетісай ауданы әкімдігінің жауапты мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және Жетісай ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары барып шектеулердің сақталу себептері мен індетке қарсы қауіпсіздіе шаралары, алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, екі жақ ортақ мәмілеге келіп, Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері бекіткен қаулыны толықтай сақтауға келісті", - дейді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз жетекшісі Бейбіт Қазбеков.

Айта кетейік, бұған ақтөбелік саудагерлер базардың ашылуын талап еткен еді.

Наразылық білдірушілер осыған дейін карантин талабын сақтап үйде отырғанын, алайда кіріссіз қалғанын, енді жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұраған.

Сонымен қатар Өскеменде де базарлар мен дүкендердің сатушылары әкімдік ғимаратына келіп, жұмыс істеуге рұқсат беруді талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868643-zetisajda-bazarlardy-asyluyn-talap-etken-satusylar-zoldy-zapty/