Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелдік азамат қоянның қанын үстіне жағып, өзін-өзі ұрлауды ұйымдастырған

Опубликовано:

азербайджанец инсценировал похищение
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы өзінің ұрлау әрекетін қолдан ұйымдастырған Әзірбайжан азаматын ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, өзінің ұрлау әрекетін қолдан ұйымдастырған ер адам 1983 жылы туған Әзірбайжан Республикасының азаматы.

Ер адам Қазақстандағы туыстарына қонаққа бірнеше рет келген. Сөйтіп олармен үлкен алаяқтық жасауға шешім қабылдаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәровтің айтуынша, шетелдік азамат белгілі бір ортада өзін елге жеміс-жидек пен көкөніс жеткізушісі ретінде көрсетіп, өзіне серіктестер іздеген.

Ал олардың ішінде елордалық кәсіпкер де болған. Онымен "адам ұрлауды ұйымдастырғандар” бірінші болып байланысқа шыққан.

Сөйтіп оған қанға малынған азаматтың суретін жіберіп, содан кейін ұрлаушылардың барлық талаптарын орындауды сұрайтын дауыстық хабарлама жіберген.

Олар кәсіпкерден 100 мың доллар көлемінде төлем сұраған. Ал оның орнына "ұстап отырған азаматты" аман-есен жіберуге уәде береді.

"Ер адам бірден полициядан көмек сұрады және ол дұрыс жасады. Қысқа мерзімде ұрлау төрт адамның актерлік ойыны екені анықталды: А. есімді азамат, оның немере ағасы досымен және дос қызы. Суретте шынымен де Әзірбайжан азаматы түсірілген, тек оның киіміндегі қан – атрибуция үшін арнайы кесілген қоян еті", - дейді Еркін Іңкәров.

Полицейлер шетелдікті жалдамалы пәтерде, дін аман жеріне тапқан. Сол жерде өзге де күдіктілер ұсталған.

Алматы қаласының ПД тергеу басқармасы адам ұрлығын қолдан ұйымдастырғандардың әрқайсысының әрекетіне еліміздің заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, соған сәйке шаралар қабылданатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылық полицейлер бақылау тобымен тексеріс жұмыстарын жүргізіп, карантин кезінде жұмыс істеген караоке-бардың және саунаның қызметін тоқтатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1868649-koanny-kanyn-stine-zagyp-zin-zi-rlaudy-jymdastyrgan-seteldikti-tirigi-skere-boldy/

pixel