RU

Бүгін Алматыда жер сілкінді

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

2020 жылдың 8 тамызында Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 6: 35-те жер сілкінісі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 841 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан", - делінген "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ"ММ сейсмикалық стансаларының хабарламасында.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 12.2.

Магнитудасы MPV 5.2.

Эпицентрдің координаттары - 42,44 ° N. 87,11 ° E

Тереңдігі 10 км.

Сенімділік туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астана тұрғындары 9 мамыр күні жер сілкінсін сезінген еді. Оны сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша 21 сағат 36 минутта тіркеді.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 14 маусымы сағат 2:07-де Алматы маңында тағы жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 468 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан еді.

Айта кетейік, жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде сұқбат берген саясаткердің жұртты таңғалдырғанын жазған едік.

Вашингтонда Жаңа Зеландия премьер-министрі Джакинда Ардерн тікелей эфирде сұқбат беріп жатқан кезде 5,8 баллдық жер сілкінісі болды.

Саясаткер камера мен айналасындағы заттардың қозғалып тұрғанына қарамастан өзін еркін ұстап, сұқбатты жалғастырды.

Саясаткердің мұндай іс-әрекеті тек жүргізушіні ғана емес, барша көрерменді таңғалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868657-bgin-almatyda-zer-silkindi/