RU

Нұр-Сұлтанда демалыс аймағындағы қыз ұзату тойына 50-ден астам адам жиналды

Карантин кезіндегі той
Фото: Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері отбасылық мерекені тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан тұрғындары "Құлагер" демалыс аймағында "Қыз ұзату" мерекесін ұйымдастырды. Қыздың ата-анасы алдағы үйлену тойына орай 50-ден астам қонақты шақырып, мереке ұйымдастырды.

"Бұл факт өрескел бұзушылық болып табылады, өйткені көптеген адамдарға, сондай-ақ олардың жақын адамдарына ауру жұқтыру қаупін тудырады. Бұзушылық жергілікті полиция қызметкерлерімен вирустық инфекцияның алдын-алу мақсатында жүргізілген рейдтер кезінде анықталды. Күзетшілер мерекені тоқтатуға мәжбүр болды. Енді ұйымдастырушыларға ірі көлемде айыппұл салынады, - деп атап өтті елордалық ПД.

Құқық бұзушылық жасаған жауапты тұлғаларға қатысты жиналған материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөліміне жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында екі күн ішінде 12 той тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Екібастұзда бақылау тобы карантин кезінде той өткізбек болғандардың үстінен түскенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Оралда журналистер мен полиция қызметі карантин режимін елемей, дүбірлі той өткізген тұрғындарды әшкереледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868670-nr-sltanda-demalys-ajmagyndagy-kyz-zatu-tojyna-50-den-astam-adam-zinaldy/