RU

Алматыда ұрлықпен айналысқан қарақшылар тобы ұсталды

Қарақшылар
Көрнекі фото: pixabay.com

7 тамызда таңғы сағат 4:30-да оңтүстік астанадағы "Горный гигант" шағын ауданында белгісіз біреулер Н. есімді азаматтың үйіне кіріп, 10 миллион теңге көлемінде тұратын аңшылық карабин мен түрлі құнды заттарды ұрлап кетті. Алматы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Алматы полициясы департаментінің криминалды полиция басқармасының төрағасы, полиция полковнигі Еркін Іңкәровтің басқаруымен әрекет еткен тәртіп сақшыларының жұмысы арқасында заңбұзушылар анықталып, ұрлық жасалғаннан кейін бес сағаттан соң ұсталды.

Үш күдікті құрықталып, Алматыдағы уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Алматы тұрғыны құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне кәсіби іс-қимылы мен қылмыскерлерді іздестіру кезінде қайсарлық, адамгершілік пен жауапкершілік танытқаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясының түнгі жарыстарды тоқтатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оңтүстік астананың тәртіп сақшылары қала көшелерінде агрессивті түрде кқлік жүргізетін азаматтарды бақылауды күшейткен.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тәулік бойғы кезекшілік жұмысының нәтижелері бойынша 46 мотоциклші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жеті екі доңғалақты көлік арнайы айыппұл тұрағына орнатылды. Сонымен қатар, 43 автокөлік құралына заңсыз қайта жабдықталғандығы үшін айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Алматыда карантин уақытында жұмыс істеген элиталық сауна және қымбат бильярд клубы анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868681-almatyda-rlykpen-ajnalyskan-karaksylar-toby-staldy/