RU

Қызылордада өзенге түскен жігіт суға батып кетті

Суға батты
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында 22 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 тамызда жергілікті уақытпен 12.20-да орын алды. Облыс орталығына жақын орналасқан "Пищевик" саяжайы аумағындағы Сырдария өзеніне түскен жігіт кенеттен суға батып кетті.

"Ол белгіленбеген жерде суға шомылған. Қасында достары болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағында қызмет атқаратын 5 құтқарушы 1 техника және 1 қайықпен оқиға орнына барды. Сағат 15.07-де мәйіт судан шығарылды", - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз маманы Айгүл Нұрманова.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар және облыстық полиция департаменті қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Барлығы 18 қызметкер, 5 техника жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада Нұра өзенінде суға батып бара жатқан қызды құтқарған ер адамның өзі көз жұмған еді.

20 маусым, сенбі күні Нұр-Сұлтанның 9 тұрғыны Целиноград ауданындағы Оразақ ауылына демалысқа барған. Олар кешкі сағат сегіз кезінде Нұра өзенінің жағасына барып, демалған көрінеді.  Құтқарушылар бұл жер шомылуға арналмағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Арыста кәмелеттік жасқа толмаған ағаларымен бірге балық аулауға кеткен үш жасар қыздың суға батып кеткенін де жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868761-kyzylordada-zenge-tsken-zigit-suga-batyp-ketti/