Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды (фото)
Опубликовано:

Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар құрықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне жасап.
2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынды қолға түсірген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды.
9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.
Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.
Еске сала кетсек, осыған дейін Павлодар облысында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстағанын жазған болатынбыз.
Қылмыскерді тұтқындауды Ертіс ауданының полицейлері іске асырған. “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Ертіс ауданының криминалдық полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын тексерді. Оның барысында белгісіз бір ер адам тәртіп сақшыларының назарын аударған.
"Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан шыққаны анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл ер адамды Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеуге салғаны анықталды. Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол – көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған.
Мәскеу қаласының полицейлері осы факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша – жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстық іс қозғады. Біз іздестірудің бастамашысына іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау туралы хабарладық" , – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868791-magystau-oblysynda-destruktivti-dini-agymdy-stanusylar-staldy-foto/