Сенат сайлауына қатысатын үміткерлер саны 12 адамға қысқарды

Опубликовано:

Сайлау1
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 12 тамызда өтетін сенат сайлауына қатысатын үміткерлер саны 12 адамға азайды. Енді 46 үміткер 17 орынға таласатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бастапқыда жоғары палата депутаттығына 94 үміткер ұсынылған еді. Одан кейін 58-і тіркелді. Ал 10 тамызда 46 адам сенат сайлауына қатысатындығын растаған.

Бірден 12 адамға қысқарған бұл саяси додада енді Шығыс Қазақстан облысынан - 4 кандидат, ал 10 өңір: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары мен үш қаладан үш үміткерден, қалған өңірлерден – екі кандидаттан бақ сынайды.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген. Олардың басым бөлігі Алматы мен Шығыс Қазақстан облысынан және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларынан.

Дереккөз КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, сенат депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызда өткізу жайлы қаулыны бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен болатын.

13 маусымнан бастап сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар жария етілді.

Сенат сайлауына ел қазынасынан 254 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұны бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім еткен еді.

Бүгін 11 тамыз тыныштық күні болып табылады. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізуі аяқталды.

Ертең 12 тамызда өтетін сайлаудың қорытындысы 18 тамыздан кешіктірілмей шығарылуы керек яғни дауыстарды санауға 6 күн беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868906-senat-sajlauyna-katysatyn-mitkerler-sany-12-adamga-kyskardy/