Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте тағы 722 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 164 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстанда өткен тәулікте 722 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 374 адам клиникалық белгілері жоқ тасушы", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
- Нұр-Сұлтан қаласы - 156 / 97
- Алматы қаласы - 120 / 83
- Шымкент қаласы - 7 / 1
- Ақмола облысы - 23 / 13
- Ақтөбе облысы - 5 / 3
- Алматы облысы - 17 / 8
- Атырау облысы - 11 / 9
- Шығыс Қазақстан облысы - 90 / 34
- Жамбыл облысы - 20 / 10
- Батыс Қазақстан облысы - 51 / 20
- Қарағанды облысы - 87 / 35
- Қостанай облысы - 30 / 15
- Қызылорда облысы - 6 / 3
- Маңғыстау облысы - 19 / 17
- Павлодар облысы - 23 / 10
- Солтүстік Қазақстан облысы - 34 / 6
- Түркістан облысы - 23 / 10
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 100 164.
Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын мәлімдеген болатын.
ДСМ өкілінің сөзінше, республикада індетке қатысты жағдай тұрақты және жіті бақылауда. Қожахметов қазіргі карантиннің оң әсерін беріп жатқанын, ДСМ билікпен бірлесіп, ауру өсімін төмендетуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті.
Сонымен қатар Қожахметов Қазақстанда коронавирустың тағы бір толқыны күтілетінін айта кетті.
Ресми өкіл коронавирустың "екінші толқыны" емес, "жаңа толқыны" деп атауды жөн көретінін айтады, өйткені "толқындардың реті болмайды".
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868913-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-100-mynan-asty/