Алматыда екі массаж салоны карантинге қарамастан жұмыс істеген (видео)

Опубликовано:

Жезөкшелердің ұсталуы
Скриншот: видеодан кадр/Polisia.kz

Оңтүстік астанада полиция қызметкерлері енгізілген карантин режиміне қарамастан жұмысын жалғастырған екі массаж салоны анықтады. Шектеу шараларын елемеген мекемелер тәртіп сақшылары жүргізген рейд кезінде ұсталды деп жазады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Массаж салондары түнгі уақытта анықталды. Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлері мен қонақтары карантинге мән бермеген.

Оның үстіне интимдік қызметті 19 жастан асқан қыздар ұсынған болып шықты.

"Жедел басқару бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық әкімдіктер, ҚДББТУ және учаскелік полиция инспекторлары арасынан арнайы мониторингтік топтар карантин нормаларының бұзылуын анықтауға бағытталған рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Медеу ауданы аймағында 19 жастан асқан қыздар клиенттерге интимдік қызмет көрсететін массаж салоны анықталды. Олар карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан, түнде жұмыс істеді.
16 әйел адам мен салон әкімшілері шара қолдану үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Материалдар ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес жиналды және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық УККБТУ қызметкерлеріне тапсырылды. Жезөкшелікпен айналысуға орын берген массаж салонының иелеріне қатысты бөлек сот ісі жүргізілді" , – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сонымен қатар, полиция бір тәулік ішінде карантиндік шараларды бұзудың 153 фактісі анықталып, аудандық СЭС-қа тапсырылғанын хабарлады. Жалпы, бірлескен бақылау топтары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2 мың 271 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 мың 203 жеке тұлға, 68 заңды тұлға.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда эротикалық массаж қызметін ұсынған қыздар ұсталған болатын. 20-22 жас аралығындағы арулар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін ескерместен, табыс табу мақсатында клиенттерді қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869132-almatyda-eki-massaz-salony-karantinge-karamastan-zmys-istegen-video/