Бурабайда қос ғашықтың ұятсыз әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көкшетау
Көрнекі фото: Sputnik / Ирина Семибратова

Ақмола облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жастарды іздестіріп жатыр. Олар тапа-тал түсте жұрттың көзінше ұятсыз әрекет жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының тәртіп сақшылары сезімге ерік берген жастарды іздестіруге кіріскенін хабарлады. Департаменттің ресми өкілі Гүлнәр Пинчук құқық қорғаушылар желіде тарап кеткен видеоны зерттеп шықты деп отыр.

"Қазіргі кезде осы адамдардың аты-жөні анықталып жатыр. Кім екені анықталса, оларды әкімшілік заңнама бойынша жауапқа тарту мәселесі қаралатын болады", - дейді Пинчук.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында да орын алған. Онда қос ғашық судың ортасында ұятсыз әрекетке барған. Жағада жатқан демалушылар оларды камераға түсіріп алды.

Өңірдің полиция қызметкерлері қос ғашықты іздестіруге кіріскенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласында 18 жастағы жігітті аяусыз ұрып-соққан күдіктінің қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларды ұрып-соққан мұғалім жазаға тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869159-burabajda-kos-gasykty-atsyz-reketi-videoga-tsip-kaldy/