Беларусьте жаппай наразылық акцияларының үйлестірушілері ұсталды

Опубликовано:

Беларусь протесты 123
Фото: tut.by

Беларусьте өткен жаппай наразылық акцияларының үйлестірушілері қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы БелТА-ға сілтеме жасап.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі қоластындағы үш адамның әрекеттерін басқарып отырған.

Агенттіктің ақпарынша, күдікті наразылық акцияларын үйлестіру бойынша жұмыстарды "Беларусь" қонақ үйінің 17-қабатында отырып жүзеге асырған.

Қолға түскен азаматтардың жеке бастарына қатысты мәліметтер мен ұстау операциясына қатысты өзге деректер әзірге айтылмай отыр.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өткен еді.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Осыдан кейін Лукашенконың сайлаудағы басты қарсыласы Светлана Тихановская сайлау нәтижесінде өзінің жеңіске жеткенін айтып, билікті бейіт жолмен беруді талап еткен болатын.

Сондай-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Беларусьтің қайта сайланған президенті Александр Лукашенконың сайлаудың қорытындылары жарияланғаннан кейін Түркияға аттанғанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869185-belaruste-zappaj-narazylyk-akcialaryny-jlestirusileri-staldy/