Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте марганец ерітіндісін ішіп қойған үш жасар бала аман қалды

Опубликовано:

бөбек
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттік дәрігерлер абайсызда марганец ерітіндісін ішіп қойған үш жасар баланы құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, аталмыш жайт 8 тамызда болған.

Кішкентай балақай Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығына ауыр жағдайда жеткізілген.

Оның ауыз қуысын қатты күйік шалған. Бүлдіршін тез арада жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл көмек көрсетілген.

Анасының айтуынша, кішкентай бала марганец ерітіндісі құйылған бөтелкені ойыншық деп ойлап, байқаусызда ішіп қойған.

Емдеуші дәрігерлер балаға ауыр уытты улану диагнозын қойған. Үздіксіз емнің арқасында бүлдіршіннің жағдайы жақсарып, ол палатаға ауыстырылған.

Қазіргі таңда бала токсикологиялық бөлімде ем алып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Сандықтау ауылында бес жасар қыз баланың көз жұмғанын хабарлаған едік.

Ол антисептигі бар бөтелкені тауып алып, ішіп қойған. Бүлдіршін клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілген. Алайда ақ халаттылар қыз баланы аман алып қала алмаған.

Сонымен қатар Атырауда бір жасар баланың тұрғын үй маңындағы құдыққа құлап кеткені хабарланды.

Құдықтан құтқарылған сәби ата-анасының қарауынсыз қалған. Бүлдіршін тез арада облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869217-symkentte-marganec-eritindisin-isip-kojgan-s-zasar-bala-aman-kaldy/

pixel