Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өкпесінің 70 пайызы зақымданған 90 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты

Опубликовано:

Күлсара Қарсыбаева1
Фото: Отырар

Шымкент қаласындағы "Мейірім" провизорлық орталығында ем қабылдаған 90 жастағы Күлсара Қарсыбаева пневмониядан 25 күнде жазылып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

Күлсара әжейдің алғашта тыныс алуы қиындап, инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін өкпесінің екі жақты 70 пайыз зақымданғаны анықталып, пневмония диагнозы қойылған.

Жансақтау бөлімінде үш күн емделген соң, "Мейірім" провизорлық орталығына өз қалауымен ауыстырылды.

Түскен кездегі науқастың жағдайы ауыр болған. Ақ халаттылар дер кезінде емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіп, дұрыс жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде, 25 күннің ішінде Күлсара Қарсыбаеваның денсаулығы жақсара түскен.

Денсаулық жағдайының ауырлығына және қосымша созылмалы ауруларына (созылмалы холецистит, панкреатит, артериялық гипертензия) қарамай, әжей пневмониядан жазылған.

Дәрігерлер Күлсара Қарсыбаеваның қазіргі жағдайы жақсы екенін айтады.

Толықтай сауыққан әжей дәрігерлеріне ақ батасын беріп, отбасына оралған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейдің пневмониядан құлан-таза айыққанын, Алматыда өкпесінің 96 пайызы қабынған 56 жастағы әйел адамның жазылып шыққанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Алматыда өкпесінің 90 пайызы зақымданған келіншектің аман-есен босанғанын, өкпесі 100 пайыз зақымданған науқастың айыққанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869277-symkentte-kpesini-70-pajyzy-zakymdangan-90-zastagy-zej-pnevmoniadan-zazylyp-sykty/

pixel