Ғалымдар коронавирусқа қарсы ибупрофеннің әсерін тексерді

Опубликовано:

ибупрофен23
Көрнекі фото: pixabay.com

Францияның денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індетін емдеуде ибупрофеннің қауіпті екенін мәлімдеген болатын. Осыған орай медициналық ортада түрлі кереғар пікірлер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлыбритания ғалымдары аталған мәселені зерттеп көруге шешім қабылдады. Нәтижесінде Кардифф университетінің сарапшылар тобы "ибупрофен препараты коронавирустан өлім-жетім көрсеткішін арттырмайды" деген шешімге келді.

Ғылыми зерттеуге сегіз аурухана мен 1200 пациент қатысты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ибупрофен, напроксен және диклофенак секілді ауруды басатын дәрілік заттардың COVID-19 салдарынан өлім-жетім көрсеткішін арттырмайтыны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта ибупрофенді пайдалану мен COVID-19 ауру белгілерінің нашарлауы арасында байланысты анықтайтын дәлеледер жеткіліксіз", – дейді дәрігерлер.

Mirror Online мәліметінше, аталған препараттың коронавирус кезінде респираторлық проблемалардың алдын алуға мүмкіндігі бар-жоғын тексеру үшін зерттеулер жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Шэньчжэн қаласында Бразилиядан әкелінген мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ауруларды бақылау мен алдын алу орталығы Оңтүстік Америка елінен жеткізілген өнімде вирустың бар-жоғын тексерді. Тест оң нәтиже берген. Жергілікті биліктің мәліметінше, аталған өнімге қол тигізуі мүмкін барлық қызметкерлер тексеруден өткен.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан амауғаныда өткен тәулікте 517 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Жалпы республика бойынша науқастар саны – 101 372, ал инфекциядан жазылып шыққандар саны – 76756-ға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869388-galymdar-koronaviruska-karsy-ibuprofenni-serin-tekserdi/