Қостанайда кішкентай қызға анайы ұсыныс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанайда полиция жас қызға анайы ұсыныс жасаған ер адамды ісдестіруде. Қала тұрғындары мессенджерлер арқылы күдіктінің фотосын таратып, ата-аналарды сақ болуға шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алау-ға сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын аңғарған.   

Олардың сөзінше, оқиға Қостанайдың дәл орталығында орын алған.

"Шамамен 13 жастағы қызбен сөйлескен ер адамды байқап қалдық. Сырт көзге әдеттегі жағдай сияқты көрінді, алайда әйелім бұл жерде шикілік бар екенін сезді. Жанына жақын барып тоқтадық, ер адамның жас қызға сұлу екенін айтып, өзін сүюін сұрағанын өз құлағымызбен естідік. Мен бірден қыздың қасына барып, ер адам жайлы сұрастырды. Қыз оны танымайтынын жеткізді. Сосын оны бірден қуып жібердім, - дейді оқиға куәгері болған ер адам.

Ал Қостанай облысының полиция департаменті қазіргі кезде осы ер адамды іздестіріп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген.

Осыдан кейін бүлдіршіннің ата-анасы үндеу жасап, ел тұрғындарынан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869390-kostanajda-kiskentaj-kyzga-anajy-synys-zasagan-er-adam-izdestirilip-zatyr/