Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаштараз бен моншалардың қашан ашылатыны белгілі болды

Опубликовано:

шаштараз
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. Олардың қатарында шаштараздар мен монша бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтындар:

  • СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.);
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.),
  • бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша);
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес); ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу).

Одан бөлек, жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80 пайызы үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылған. Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869420-sastaraz-ben-monsalardy-kasan-asylatyny-belgili-boldy/

pixel