Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы екі қонақ үй коронавирусты емдейтін ауруханаға айналмақ

Опубликовано:

гостиница ковид
Фото: Instagram.com/sagintayev.b

RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақ үйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимылға үлес қоспақшы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша, аталған ауруханаларда жалпы сыйымдылығы 215 төсек-орын, оның ішінде 34 қарқынды терапия мен реанимация болмақ. Бақылау мен сұрыптау бокстары, ота жасау және емханалық бөлімшелер қарастырылған.

Қала әкімінің мәліметінше, барлық үй-жайлар бөлек кіретін және зарарсыздандыру жүйелері бар үш аймаққа бөлінеді. Таза ауа айналымы үшін теріс қысымы бар жүйе қарастырылған. Бұл персоналдың жұқтыру қаупін азайтады.

Аталған ауруханаларды 1 қазанға дейін ашу жоспарлануда.

"Госпитальдар заманауи жабдықтармен, соның ішінде КТ және рентген аппараттарымен, УДЗ, ӨЖЖ, сондай-ақ медициналық газдар жүйесімен жабдықталады. Түркиядан келетін дәрігерлерді қоса алғанда, медициналық қызметкерлер құрамы дайын. Мұндағы тағы бір ерекшелік, 90 минуттың ішінде КВИ-тестінің нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін жеке ПТР зертханалары бар. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін госпитальдарды 1 қазанға дейін ашу жоспарлануда", – деп жазды Сағынтаев.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткен болатын.

Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869430-almatydagy-eki-konak-j-koronavirusty-emdejtin-auruhanaga-ajnalmak/

pixel