"Муз-ТВ" арнасының бас директоры Тоқаевтан марапат алды (фото)

Опубликовано:

Арман Давлетяров1
Арман Давлетяров и Ермек Көшербаев. Фото: facebook.com/kazembassyru

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев белгілі музыкалық продюсер Арман Давлетьяровпен кездесіп, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрмет грамотасын табыс етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Муз-ТВ" бас директоры Арман Давлетяровқа Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысының атынан құрмет грамотасын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев табыс етті. Салтанатты сәттің фотосы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Арман Давлетяровты 50 жас мерейтойымен құттықтап, Қазақстан президентінен "Құрмет" грамотасын табыс етті.

Давлетяров өз кезегінде ел басшылығына шынайы ризашылығын білдіріп, отандастарына мықты денсаулық және өркендеу тіледі.

Бұған дейін Ресейдің "Муз-ТВ" арнасының бас директоры, 14 жасында Мәскеуге көшкен Арман Давлетяров үйден жырақтағы өмірі туралы айтқан болатын.

Үлкен ағасының бастамасы арқасында Арман Давлетяров 8-сыныпта Мәскеуге оқуға көшкен. Қазір 47 жастағы табысты кәсіпкер ағасына тағдырын осылай өзгерткені үшін үлкен ризашылық білдіреді.

"Ағамның арқасында менің өмірім өзгерді, ал негізі мен Орынборда қалып, сыныптастарым сияқты политехникалық немесе инженерлік оқуға түсер едім", – дейді Арман.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ресейлік әріптесі Владимир Путинді коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтаған еді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869484-muz-tv-arnasyny-bas-direktory-tokaevtan-marapat-aldy-foto/