Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лукашенко: Мен әлі тірімін және шетелде жүрген жоқпын

Опубликовано:

Лукашенко 9846
Фото: БелТА / Андрей Покумейко

Беларусьтің қайта сайланған президенті Александр Лукашенко құрылыс саласының жұмысы бойынша жиналыста сөз сөйледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы жиын барысында наразылық білдірушілердің әрекеті мен ереуілге шақыруларға қатысты сұрақтарға жауап берді.

БЕЛТА басылымы мәлім еткендей, Лукашенко ереуілдердің кәсіпорындар жұмысына кері ықпалын тигізетінін ескерткен.

Сондай-ақ ол өзінің елден кетіп қалғаны туралы мәлімдемеге жауап берді.

"Мен әлі тірімін және шетелде жүрген жоқпын", – деді Беларусь президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Беларусьтің қайта сайланған президенті Александр Лукашенконың сайлаудың қорытындылары жарияланғаннан кейін Түркияға аттанғанын хабарлаған болатын.

Атап айтқанда, Түркияның БАҚ өкілдері Беларусь басшысының EW-301PJ президенттік бортымен елден ұшып шығып, қазіргі уақытта Даламан қаласында жүргенін жазды.

Сондай-ақ Беларусь дереккөздері ел президенті Александр Лукашенконың халыққа шұғыл түрде үндеу жолдайтынын мәлім етті.

Лукашенканың дайындалып жатқан үндеуі туралы хабарлама Ресейдің "Коммерсантъ FM 93.6" газетінің Twitter парақшасында жарияланды. Басылым Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталью Эйсмонтқа сілтеме жасаған.

Алайда президенттің халыққа үндеу жасайтыны туралы ресми айтылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869575-lukasenko-men-li-tirimin-zne-setelde-zrgen-zokpyn/

pixel