Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды

Опубликовано:

COVID-191
Көрнекі фото: NUR.KZ

Өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясынан 18, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 17 тамыздағы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония мен COVID-19 жайлы ресми ақпарат ұсынды.

Оған сәйкес, өткен тәулікте Қазқстанда тағы 377 адамнан коронавирус анықталып, 1219 пацинет жазылып шыққан. 18 науқас қайтыс болған.

Ал коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға келсек, өткен тәулікте 141 адамға аталмыш диагноз қойылып және екі өлім жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта COVID-19-дан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 406 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда.

72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сонымен қатар айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде қатаң карантин шаралары жеңілдеп, кейбір шектеулер алынады.

Оған сәйкес, 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын нысандар белгілі болды.

Мәселен сауда орталықтары мен сауда және ойын-сауық орталықтарының (кинотеатрлар мен тамақтану алаңдарын қоспағанда), сауда желісінің дүкендері мен жабық базарлардың, СПА салондар мен сұлулық салондарының, фитнес орталықтардың, моншалар мен сауналардың (бассейндерді қоспағанда), косметологиялық орталықтардың (алдын ала жазылым бойынша) және бірқатар басқа да нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869743-kazakstanda-koronavirus-pen-pnevmoniadan-tagy-20-adam-kajtys-boldy/

pixel