Шекара ашылған соң қазақстандықтар БАӘ-ге билеттерді жаппай сатып алған
Опубликовано:

2020 жылдың 17 тамызынан бастап Қазақстан бірнеше елдермен әуе байланысын қайта іске қосты. Солардың қатарында Араб Әмірліктері де бар. Дәл осы бағытқа алғашқы күні-ақ мыңдаған әуе билеті сатылып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жиырмаға жуық елдермен әуе байланысы ашылғанымен қазіргі уақытта тек алатуына ғана ұшуға болады. Тасымалдаушылар әлі де ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда.
Бірінші күні-ақ қазақстандықтардың демалысқа жаппай кеткісі келетін түсінкті болды. Мұның айғағы ретінде мыңдаған адам БАӘ-ге билет сатып алған.
Сонымен қатар, туристік агенттіктердегі соңғы жаңалықтардың бірі - инфекция жұқтырған жағдайда COVID-19 емдеу шығындарын өтейтін сақтандыру пайда болды. Мұндай сақтандыруды рәсімдеуге 3500 теңге мен 8000 теңге арасында ақша кетеді.
Мамандар адамдардың Әмірлікке жаппай билет сатып алуын Түркияның қыркүйекке дейін жабық болуымен байланыстыруда. Туристік агенттіктер де чартерлік рейстердің күндері туралы болжам жасауға асықпайды. Олар екі елдің билік органдарының келісімдері бойынша айдың аяғында ұшуды бастауы керек.
Айта кету керек, Ресей, Өзбектан, Үндістан, Қытай мен Польшаға тек басқа елдер арқылы баруға болады. Мәселен, Ресей Федерациясына Беларусь арқылы жете алады.
Үшінші санатқа кіретін Италия, Ұлыбритания, Испания сынды бірнеше елдерге баруға әзірге рұқсат жоқ.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Еске сала кетсек, 17 тамыздан бастап Қазақстанда күшейтілген карантин режимі кезең-кезеңімен алына бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869902-sekara-asylgan-so-kazakstandyktar-ba-ge-biletterdi-zappaj-satyp-algan/