Алматы облысында бір әулеттің бірнеше ұрпағы жылдар бойы құжатсыз тұрып келген

Опубликовано:

Құжат1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Туғаннан бері ешбір құжатсыз тұрып жатқан Алматы облысының тұрғыны NUR.KZ редакциясына хабарласты. Ол 16 жасынан бастап барлық органдарға жүгініп, төлқұжат немесе жеке куәлік алуға тырысыпты, бірақ одан еш нәтиже шықпаған. Салдарынан қызы мен немересі де құжатсыз қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәуленің ата-анасы Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан Көлді ауылында тұрған. Сәуле, оның аға-әпкелері сол жерде дүниеге келіпті.

"Ата-анам бірге тұрды, бірақ ресми түрде үйленбеген. Әкем жұмыс істеді, ал анам үйде қалып, балаларға қарады. Сонымен біз, барлығымыз (менің екі інім және екі әпкем бар) құжатсыз қалдық. Уақыт өте келе бауырларымның барлығы өздеріне құжат жасап алды, ал мен әлі күнге құжатсыз жүрмін. Менің туу туралы куәлігім де, басқа құжаттарым да жоқ", – дейді ол.

Сәуле бастапқыда паспортты мүмкіндігінше тезірек алуға тырысқан.

"Алғаш рет 16 жасымда құжаттарды алуға тырыстым. Төлқұжат бөліміне бардым, алайда бөлім басшысы ұрысып, маған айқайлады. Мен ол кезде кішкентай қыз едім, бұрылып, кетіп қалдым. Содан кейін бірнеше рет құжат алуға тырыстым", – деп еске алады ол.

Сәуленің құжаттары болмағандықтан, қызы мен немересі де осындай жағдайға тап болған. Немересінің өзі қазір үш жаста және көп ұзамай бала балабақшаға тіркелуі керек. Бұл Сәулені қатты алаңдатады, өйткені баланы ешкім құжатсыз қабылдамайтыны анық. Сәуле барлық органдарға жүгінген және бірнеше жылдан бері өз мәселесін шешуге тырысып келеді.

"Мен Халыққа қызмет көрсету орталығына, АХАЖ органдарына, көші-қон қызметіне және басқа органдарға жүгіндім. Ешқандай базада жоқпын. Қайда барсам да, олар мені анда-мында жүгірте берді. АХАЖ-да мені бәрі таниды, мен тіпті қызметкерлерді сотқа шақырдым. Туыстық қатынастар мен жеке меншік құқығын растайтын құжаттарға ие болу фактісін анықтау үшін екі рет сот болды, екі ретте де менің талабым қағанаттандырылмады. Соңғысы өткен жылдың күзінде болды", – дейді Сәуле.

Ешқандай құжатсыз жүрген Сәуле құжат сұрамайтын жерде жұмыс істеуге мәжбүр болған. Көптеген жергілікті тұрғында тауық қора бар, Сәуле сонда құстарға қамқоршы болған. Содан кейін базарда сауда жасаған. Қазір ол медбике болып жұмыс істейді және 80 жастағы көршісіне қарайды.

Сәуленің мәселесіне қатысты пікір білдірген Алматы облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне Сәуле барлық құжаттарды ала алатындығын айтты.

"Аумақтық көші-қон полициясымен байланысу қажет. Өтініш беру керек, оған бір ай ішінде жинауы керек құжаттар тізімі беріледі. Сондай-ақ анкетаны толтырып, көршілердің пікірін де жазу қажет. Азаматшаның Қазақстанда туып, "Көші-қон туралы" Заң күшіне енген 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі кезеңінде осында тұрғаны өте маңызды. Тек осы жағдайда ғана, көші-қон заңнамасына сәйкес, әйел Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады және оған жеке куәлік беріледі", – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Сәуленің өзі жағдайдан шығудың жолын әлі де таппай келеді. Бірақ оған адвокаттың көмегін пайдаланып, сотқа қайта баруға кеңес берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы көші-қон қызметі құжаттарды, соның ішінде жеке куәліктерді беруге, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балалармен бірге шетелге шығу ережелеріне енген кейбір өзгерістер туралы хабарлаған еді.

Сонымен қатар Өзбекстанның Андижан облысы Ходжаабад ауданының 80 жастағы тұрғыны алғаш рет туу туралы куәлік пен төлқұжат алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869993-bir-uletti-birnese-rpagy-almaty-oblysynda-kptegen-zyl-bojy-kzatsyz-tryp-kelgen/

jitsu gif