Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ПД басшысы процессинг орталығы қызметкерлерінің ұсталуына пікір білдірді

Опубликовано:

Таймерденов 984
Қанат Таймерденов. Фото: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг барысында процессинг орталығы қызметкерлерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таймерденов орталық қызметкерлерінің ұсталғанын растағанмен, олардың ұсталуына қатысты пікір білдіруге өкілеттігі жоқ екенін жеткізді. Себебі, тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

"Иә, біздің қызметкерлер ұсталды. Тәртіптік комиссия өткізіліп, төрт басшы қызметтерінен босатылды. Бұл біздің ведомствоның абыройына кір келтіретін жайт. Сыбайлас жемқорлықтың орын алу қаупі бар салаларды тексеріп, мұндай құқық бұзушылықтарды реттейміз", – деді ПД басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Алматы полиция департаменті процессинг орталығының қызметкерлері ұсталғанын хабарлаған еді. Орталық қызметкерлерінің бірі 800 мың теңге пара алу үстінде қолға түскен.

Бұған дейін 270 миллион теңге қаражаттың бюджет есебіне түспегені мәлім болды. Кейін белгілі болғандай, дәл осы аталған сомаға 25 мың тәртіп бұзушылық үшін айыппұлдар жазылған.

Сондай-ақ бұдан бұрын Алматыда екі жүз мың теңге көлемінде пара алған прокурор мен полицейдің істі болғанын жазғанбыз.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция бөлімінің инспекторы мен прокурордың бір адамды әкімшілік жазаға тартпау үшін ақша алғаны анықталған.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 12 лауазымды тұлғаның ұсталғанын, 10 тұлғаға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870054-almaty-pd-bassysy-processing-ortalygy-kyzmetkerlerini-staluyna-pikir-bildirdi/

pixel