Министрлік: Коронавирус жұқтырған 350 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы туралы елдегі соңғы мәліметтерді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасап.

Минисрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта коронавирустан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар.

Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 350 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 100 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі жариялап отыратынын жеткізді. Сонымен қатар барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылатыны айтылды.

"Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлайды", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Cоңғы мәліметтер бойынша, 19 тамыз күні елімізде тағы 244 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, бүгінгі таңға дейін Қазақстанда қауіпті дертпен ауырғандар саны 103 815-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870298-ministrlik-koronavirus-zktyrgan-350-adamny-zagdajy-auyr/